ВНИМАНИЮ АБОНЕНТОВ Инструкцию по оплате через qiwi терминал вы можете скачать в разделе нормативные акты

АЛАШТЫҢАЙБОЗЫ,ҚАЗАҚТЫҢЖАМПОЗЫ.

Жақсылық досымның қазасын естіп, ауыр қайғыдан қабырғам қайысып отыр. Көзім жасқа толып, есеңгіреп кеттім. Не айтарымды да білмеймін. Бұл барша жұртымыз үшін ауыр қайғы болды, ел іші өкініштен теңселіп кетті-ау деймін. Ақиқатында атақ-даңқы аңызға айналып,  ұлт мақтанышына айналған спортшы досымның өшпес өнегесі жастарға әсері ерекше еді. Осы қарапайым әрі атақты азаматты білмейтінтанымайтын жан жоқ шығар біздің елімізде. Ақкөңіл арда азамат үлкен-кішіні өзінің туған бауырындай көріп, еш кедергісіз жанына жақын тартып тұратын болмысы ғажап еді ғой. Мен үшін, біздің әулет-отбасымыз үшін Жақаңның орны бөлек, тым бөлек еді. Біз екеуміз сонау қиын-қыстау, тағдырлы 90-жылдары өмірдің ащы-тұщысын бірдей татып, айнымас үзеңгі жолдас, ажырамас дос болдық. Отбасымызбен етене араласып, тәуелсіздіктің елең-алаңында бірге, қоян-қолтық жүріп, еңбек еттік, талай заман өтті. Отыз жылда ойлағанымыз оңынан болды. Алаш жұрты Жақаңның жарқылдап, толысқан ғұмырынан теңіздей толқыған қуат алды, Алатаудай заңғар шыңға шыққанына сүйсінді. Ешбір асып-тасуды білмейтін, сабырлықты сеп еткен досымның әр күні мен айы, әр жылы бақытты адам, бақуатты жан және туған елі мен жеріне шексіз беріліп, сүйген ғұмырымен өркен жайған өмірін ойласам көңілім босап, қимаймын, әлі де қиғым келмейді. Жандосымды бала-шағамыз бен туған -туыстарымыз ерекше сыйлап, жақсы көрді. Өйткені Жақаң менің ұлым Даниярды туған баласындай тәрбиелеп, жақсы-жайсаңдар қатарында азамат болып қалыптасуына қамқорлық жасап жүрді. Менің де сырласу сағаттарым досымның өмірінде соншалықты бағалы әрі тағлымды еді. Кісінің ала жібін аттамай, тек бейнетті еңбегімен, ырыс-дәулетімен ұлттық даңққа бөленген Жақаңдай азаматтар жарық жұлдыздай жарқ етуші еді... Асыл жары Күлпан мен үш ұлынан тараған ұрпақтары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыңМарқұмның топырағы торқа болсын! Нұры пейіште шалқысын! Алаштың айбозы Жақсылық досымның есімі мен ісі ешуақытты ұмытылмайды... Көңілайтушы:Нұрбаев МолдиярАлматы.

   

Последние новости  

   
© www.agh.kz@Все права защишены