Печать 

Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы, Алматы облысының «Құрметті азаматы», Елбасының жарлығымен Республикамыздың жоғары наградасы «Құрмет»  орденінің иегері, көпшіліктің ықыласына бөленген азаматты Қарасай, Жамбыл аудандарының әкімі мен мәслихат депутаттары осы аудандардың «Құрметті азаматы», Таусамалы ауылдық округінің де  «Құрметті азаматы» және Республикалық жоба «Алтын жүрек» иегері екенін ауылдастары мақтаныш сезіммен айтады.

Іскер басшы, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін кәсіпкерге көрсетіліп отырылған осындай марапаттар өзінен - өзі келе қалмағаны белгілі. Облысқа танымал М. Нұрбаев жеке инвестр ретінде өзінің қаражаты есебінен Алматы облысының Қарасай ауданындағы Таусамалы, Қарағайлы, Райымбек, Ақсай, Іргелі ауылдық аумақтарына сондай - ақ  осындағы саяжайларды және Жамбыл, Талғар аудандарындағы бірнеше елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз еттіп келеді. Өз қаражаты есебінен халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «1 – категориялы жер АГРС – 1 «Орбита» қондырғысын Алғабас поселкісіне дейін» салды.

Бүгінгі таңда орта есеппен алғанда ұзындығы 12,6 км жоғарғы қысымдағы, 386,8 км орта қысымдағы, 1385,3 км төменгі қысымдағы газ құбырларын жүргізіп халықты көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр.  Жалпы 30 мыңнан аса тұрғындар пайдаланып отыр. Оның ішінде заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер, мектеп, ауруханалар мен  жеке кәсіпкерлер бар.

Қазір мекемеде 320 дан  аса жұмысшы – қызметкерлер еңбек етуде.  Әрине мекеме өміріне белсене араласып, оның экономикасын арттыруға өзіндік үлес қосып жүрген жұмысшы – қызметкерлердің еңбегін ескеріп жүретін М. Нұрбаев олардың әлеуметтік жағдайларын да үнемі назарда ұстайды.

Сонымен қатар ауылдағы жеке инвестор өз қаражаты есебінен көп балалы жанұяларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ауған ардагерлеріне, зейнеткерлер мен әлеуметтік жағдайға мұқтаж мүгедектерге жеңілдіктер қарастырып, қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Ол Қарасай ауданындағы Таусамалы, Қарағайлы ауылдарындағы мешіт үйлерін бір жыл бойы көгілдір отынмен тегін қамтамасыз етті. Сондай–ақ «Қуат», «Перезент», балалар үйіне қаржы бөліп, киім–кешекпен қол ұшын берді.

         Келешекте де осындай қайырымдылық жұмыстардың жалғаса беретіндігін Молдияр Қылшықұлы өзінің басты жұмыстарының бірі деп есептейді.

         Сөйтіп, нарықпен қоса келген жаңа бағытты қолдап 1992 жылдан бері өз алдына жеке кәсіпкерлік ұйымдастырды. Сол кезден бері кәсіпкерлік жұмысты жандандырып жүрген жанның бірі атанды.

         Қазір М. Қылшықұлы заман талабына сай ізденіспен еңбек етіп жүрген беделді, белді әрі қарапайым, талапшыл басшы. Сонын дәлелі ретінде 2013 жылы, «Газ шаруашылықтарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігін құрып, өзі тікелей басшылық жасайтын 12 газ шаруашылығымен айналысатын мекемелерді қанатының астына алды.

«Газ шаруашылықтарының Қауымдастығы» ЗТБ‑і тек қана ақпараттық қоры ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар мен газ және газбен қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым‑қатынас орнату жүйесі. Әр түрлі келіспеушіліктер мен басқа да мәселе туған кезде халықтың мұң – мұқтажын сұрақтарын шешу, оларды мемлекеттік органдарға емес, алдымен осы жүйеге  хабарласу мүмкіндігін туғызып отыр.

Мен, осы «ГШҚ» ЗТБ‑ң Төрағасы ретінде ЖШС «Тауекел‑Т», ЖШС «Тауекел-Н-Алғабас», ЖШС «Таусамалгазмонтаж», ЖШС «Обл Газ Сервис», ЖШС «Нур Газ Монтаж», ЖШС «Тауекел-газ құбыры», ЖШС «Береке газ монтаж», ЖШС «Узынағаш газ монтаж», ЖШС «Жетісу газ монтаж», ЖШС «Талғар газ монтаж», ЖШС «Ел газ», Филиал «Тауекел-Трейд» ЖШС «Тауекел-Т» осы ұйымдарға байланысты (қатысты) өтініштеріңізді жан‑жақты, уақтылы, объективті қаралуына үлесімді қосып, шешілуін қадағалаймын.

Осы блогтың  тұтынушылар мен серіктестер арасындағы шынайы байланыс болуына және нағыз танымал ақпараттық алаңына айналуына кәміл сенемін.

Ізгі ниетпен,

«ГШҚ» ЗТБ‑ң Төрағасы Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы.