АЛАШТЫҢ АЙБОЗЫ,ҚАЗАҚТЫҢ ЖАМПОЗЫ.
Жақсылық досымның қазасын естіп, ауыр қайғыдан қабырғам қайысып отыр. Көзім жасқа толып, есеңгіреп кеттім. Не айтарымды да білмеймін. Бұл барша жұртымыз үшін ауыр қайғы болды, ел іші өкініштен теңселіп кетті-ау деймін. Ақиқатында атақ-даңқы аңызға айналып, ұлт мақтанышына айналған спортшы досымның өшпес өнегесі жастарға әсері ерекше еді. Осы қарапайым әрі атақты азаматты білмейтін, танымайтын жан жоқ шығар біздің елімізде. Ақкөңіл арда азамат үлкен-кішіні өзінің туған бауырындай көріп, еш кедергісіз жанына жақын тартып тұратын болмысы ғажап еді ғой. Мен үшін, біздің әулет-отбасымыз үшін Жақаңның орны бөлек, тым бөлек еді. Біз екеуміз сонау қиын-қыстау, тағдырлы 90-жылдары өмірдің ащы-тұщысын бірдей татып, айнымас үзеңгі жолдас, ажырамас дос болдық. Отбасымызбен етене араласып, тәуелсіздіктің елең-алаңында бірге, қоян-қолтық жүріп, еңбек еттік, талай заман өтті. Отыз жылда ойлағанымыз оңынан болды. Алаш жұрты Жақаңның жарқылдап, толысқан ғұмырынан теңіздей толқыған қуат алды, Алатаудай заңғар шыңға шыққанына сүйсінді. Ешбір асып-тасуды білмейтін, сабырлықты сеп еткен досымның әр күні мен айы, әр жылы бақытты адам, бақуатты жан және туған елі мен жеріне шексіз беріліп, сүйген ғұмырымен өркен жайған өмірін ойласам көңілім босап, қимаймын, әлі де қиғым келмейді. Жан досымды бала-шағамыз бен туған -туыстарымыз ерекше сыйлап, жақсы көрді. Өйткені Жақаң менің ұлым Даниярды туған баласындай тәрбиелеп, жақсы-жайсаңдар қатарында азамат болып қалыптасуына қамқорлық жасап жүрді. Менің де сырласу сағаттарым досымның өмірінде соншалықты бағалы әрі тағлымды еді. Кісінің ала жібін аттамай, тек бейнетті еңбегімен, ырыс-дәулетімен ұлттық даңққа бөленген Жақаңдай азаматтар жарық жұлдыздай жарқ етуші еді... Асыл жары Күлпан мен үш ұлынан тараған ұрпақтары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамың. Марқұмның топырағы торқа болсын! Нұры пейіште шалқысын! Алаштың айбозы Жақсылық досымның есімі мен ісі ешуақытты ұмытылмайды... Көңіл айтушы: Нұрбаев Молдияр, Алматы.
Жеке блог
Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы, Алматы облысының «Құрметті азаматы», Елбасының жарлығымен Республикамыздың жоғары наградасы «Құрмет» орденінің иегері, көпшіліктің ықыласына бөленген азаматты Қарасай, Жамбыл аудандарының әкімі мен мәслихат депутаттары осы аудандардың «Құрметті азаматы», Таусамалы ауылдық округінің де «Құрметті азаматы» және Республикалық жоба «Алтын жүрек» иегері екенін ауылдастары мақтаныш сезіммен айтады.
Іскер басшы, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін кәсіпкерге көрсетіліп отырылған осындай марапаттар өзінен - өзі келе қалмағаны белгілі. Облысқа танымал М. Нұрбаев жеке инвестр ретінде өзінің қаражаты есебінен Алматы облысының Қарасай ауданындағы Таусамалы, Қарағайлы, Райымбек, Ақсай, Іргелі ауылдық аумақтарына сондай - ақ осындағы саяжайларды және Жамбыл, Талғар аудандарындағы бірнеше елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз еттіп келеді. Өз қаражаты есебінен халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «1 – категориялы жер АГРС – 1 «Орбита» қондырғысын Алғабас поселкісіне дейін» салды.
Бүгінгі таңда орта есеппен алғанда ұзындығы 12,6 км жоғарғы қысымдағы, 386,8 км орта қысымдағы, 1385,3 км төменгі қысымдағы газ құбырларын жүргізіп халықты көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр. Жалпы 30 мыңнан аса тұрғындар пайдаланып отыр. Оның ішінде заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер, мектеп, ауруханалар мен жеке кәсіпкерлер бар.
Қазір мекемеде 320 дан аса жұмысшы – қызметкерлер еңбек етуде. Әрине мекеме өміріне белсене араласып, оның экономикасын арттыруға өзіндік үлес қосып жүрген жұмысшы – қызметкерлердің еңбегін ескеріп жүретін М. Нұрбаев олардың әлеуметтік жағдайларын да үнемі назарда ұстайды.
Сонымен қатар ауылдағы жеке инвестор өз қаражаты есебінен көп балалы жанұяларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ауған ардагерлеріне, зейнеткерлер мен әлеуметтік жағдайға мұқтаж мүгедектерге жеңілдіктер қарастырып, қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Ол Қарасай ауданындағы Таусамалы, Қарағайлы ауылдарындағы мешіт үйлерін бір жыл бойы көгілдір отынмен тегін қамтамасыз етті. Сондай–ақ «Қуат», «Перезент», балалар үйіне қаржы бөліп, киім–кешекпен қол ұшын берді.
Келешекте де осындай қайырымдылық жұмыстардың жалғаса беретіндігін Молдияр Қылшықұлы өзінің басты жұмыстарының бірі деп есептейді.
Сөйтіп, нарықпен қоса келген жаңа бағытты қолдап 1992 жылдан бері өз алдына жеке кәсіпкерлік ұйымдастырды. Сол кезден бері кәсіпкерлік жұмысты жандандырып жүрген жанның бірі атанды.
Қазір М. Қылшықұлы заман талабына сай ізденіспен еңбек етіп жүрген беделді, белді әрі қарапайым, талапшыл басшы. Сонын дәлелі ретінде 2013 жылы, «Газ шаруашылықтарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігін құрып, өзі тікелей басшылық жасайтын 12 газ шаруашылығымен айналысатын мекемелерді қанатының астына алды.
«Газ шаруашылықтарының Қауымдастығы» ЗТБ‑і тек қана ақпараттық қоры ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар мен газ және газбен қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым‑қатынас орнату жүйесі. Әр түрлі келіспеушіліктер мен басқа да мәселе туған кезде халықтың мұң – мұқтажын сұрақтарын шешу, оларды мемлекеттік органдарға емес, алдымен осы жүйеге хабарласу мүмкіндігін туғызып отыр.
Мен, осы «ГШҚ» ЗТБ‑ң Төрағасы ретінде ЖШС «Тауекел‑Т», ЖШС «Тауекел-Н-Алғабас», ЖШС «Таусамалгазмонтаж», ЖШС «Обл Газ Сервис», ЖШС «Нур Газ Монтаж», ЖШС «Тауекел-газ құбыры», ЖШС «Береке газ монтаж», ЖШС «Узынағаш газ монтаж», ЖШС «Жетісу газ монтаж», ЖШС «Талғар газ монтаж», ЖШС «Ел газ», Филиал «Тауекел-Трейд» ЖШС «Тауекел-Т» осы ұйымдарға байланысты (қатысты) өтініштеріңізді жан‑жақты, уақтылы, объективті қаралуына үлесімді қосып, шешілуін қадағалаймын.
Осы блогтың тұтынушылар мен серіктестер арасындағы шынайы байланыс болуына және нағыз танымал ақпараттық алаңына айналуына кәміл сенемін.
Ізгі ниетпен,
«ГШҚ» ЗТБ‑ң Төрағасы Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы.